Меню

Страницы

Статья

Тұрғындар назарына!

Бүгінгі күні ауданда коменданттық сағат талаптарын бұзған 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге салсақ, 2022 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдай енгізілді.

Жарлықтың 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілді.

Сондықтан, осы аралықта үйден, аса қажеттілік болмаған жағдайда шықпауыңызды сұраймыз.

Сонымен бірге, Жарлықтың 4-тармағына сәйкес, төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілгенін жеткіземіз:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілді;

2) Ақтөбе облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленді;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз ету белгіленді;

4) Ақтөбе облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелді;

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды;

6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынды;

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынды, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленді;

8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз ету белгіленді.

Өз кезегінде, төтенше жағдайдың талаптарын бұзу ӘҚБтК-нің 476, 478-баптарында қарастырылған  жауаптылыққа алып келеді.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау Қылмыстық Кодекстің 401-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.

Сонымен қатар, Қылмыстық Кодексінің 274-бабының 4-бөлігіне сәйкес,  төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза қарастырылғанын жеткіземіз.

Бұдан басқа, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің талаптарына сәйкес, төтенше жағдай кезінде құқық бұзушылық жасау, жазаны ауырлататын мән-жайларға жататынын түсіндіреміз.

Құрметті аудан тұрғындары, Сіздерді «Төтенше жағдай туралы» Заңының талаптарын бұзуға жол бермеуге шақырамыз.

Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
13 января 2022
Дата обновления
13 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы