Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

 

Бас прокуратураның бастамасымен прокурорлық қадағалауды азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге сапалы түрде қайта бағдарлау мақсатында заңнамалық шаралар қабылданып, 2021 жылдың 2 шiлдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Аталған Заңмен бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге түзету енгізілді, соның ішінде 04.09.2021 жылдан бастап «Прокуратура туралы» Заңына өзгерістер күшіне енді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының қызметіне тексерісті тағайындау және жүргізуге құқылы екендігін түсіндіремін (6-бап).

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша арыз-шағымдарды прокуратура органдары қарауға міндетті екенін жеткіземіз (21 бап).

Осыған орай, мемлекеттік органдардың тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен қызметіне кедергі жасау фактілері орын алған жағдайда кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Ойыл ауданының прокуратурасына тікелей арыздануға болады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 62-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы бойынша әкімшілік жауаптылықа тарту мерзімі 2 айдан  1 жылға дейін ұзартылды.

  Сондай- ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудан прокуратурасымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп мобильді топ құрылғанын және аудан прокуратурасының сенім телефондары 24/7 режимінде жұмыс жасайтынын хабарлаймын.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мобильді топқа 4 сигнал түсіп,                                      3 прокурорлық ден қою актісі енгізілді. Жалпы аудан прокуратурасымен                                 16 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Құрметті Ойыл ауданының кәсіпкерлері!

Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша аудан прокуратурасына және кәсіпкерлер Палатасына хабарласуыңызға болады.

 

Аудан прокуратурасы: 21-6-78, 8778 579 8909

 

Кәсіпкерлер Палатасы: 79-0-02, 8 771 291 8932

 

          Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
08 сентября 2021
Дата обновления
08 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы