2021-2023 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің азаматтық бюджеті
Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі 12 ақпан 1999 жылы Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл ауданының Әділет басқармасына тіркелген ( бизнес-сәйкестендіру нөмері -970140004521, тіркеу нөмері 107-1904-14-ММ ).
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 6 ( әкім -1, бас маман – 4, жетекші маман -1 ).
Штаттан тыс қызметшілер саны – 6 ( 1- еден жуушы, 3- күзетші,1- жұмысшы, 1-қызметтік автокөлік жүргізушісі).
Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы» №480 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
124001 |
23869,0 |
042-Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар есебінен -23869,0 тенге |
|
2 |
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
124008 |
1090,0 |
015-Жергілікті бюджет қаражаты есебінен -300,0 тенге. 048-Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен -790,0 тенге |
|
3 |
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
124009 |
500,0 |
048-Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен -500,0 тенге |
|
4 |
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
124011 |
3412,0 |
015-Жергілікті бюджет қаражаты есебінен -1612,0 тенге. 048-Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен -1800,0 тенге |