2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе облысыс Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық окіругінің азаматтық бюджеті
«Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 1994 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының әділет Министрлігімен тіркелді.
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 6 (әкім -1,бас маман – 4,жетекші маман-1 ).
Штаттан тыс қызметшілер саны – 6 (қызметтік автокөлік жүргізушісі-1,Еден жуушы-1,күзетші-2,электрик-1,жүмысшы-1).
Көптоғай ауылдық округ әкімінін аппаратының 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №480 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
124001 |
19351,0 |
Мекемені қаржылай қамтамасыз етуге |
|
2 |
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
124008 |
856,0 |
Көшелерді жарықтандыруға |
|
3 |
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
|
124009 |
500,0 |
Округ тазалығын ұстауға |
|
4 |
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу |
124010 |
60,0 |
Туыстары жоқ , жалғыз басты адамдарды жерлеуге |
|
5 |
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
124011 |
3682,0 |
Округ елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру |