2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің азаматтық бюджеті
Ойыл аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудан әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсан №291 қаулысына сәйкес құрылды.
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 4 (бөлім басшысы -1, бас маман – 2, жетекші маман -1).
Штаттан тыс қызметшілер саны – 1 (уақытша есепші ).
Ойыл аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Жергілікті деңгейде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
458001 |
42649 |
|
|
2 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақталуды ұйымдастыру |
458003 |
1703 |
|
|
3 |
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі |
458012 |
13183 |
|
|
4. |
Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
458058 |
384565 |
|
|
5. |
Көлік инфрақұрылымның басым жобаларын іске асыру |
458051 |
1420563 |
|