2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің азаматтық бюджеті
Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі аудан әкімдігінің 2019 жылғы 08 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес құрылды.
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 9 (бөлім басшысы -1, бөлім басшысы орынбасары-1, сектор меңгерушісі - 2, бас маман – 4, жетекші маман-1 ).
Штаттан тыс қызметшілер саны – 1 (қызметтік автокөлік жүргізушісі).
Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі |
454001 |
24133,0 |
|