2021-2023 жылдарға арналған Сарбие ауылдық округінің азаматтық бюджеті
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 3 (окург әкімі -1, бас маман – 1, жетекші маман -1).
Штаттан тыс қызметшілер саны –3 (қызметтік автокөлік жүргізушісі, тазалықшы,күзетшілер).
Сарбие ауылдық округінінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Сарбие ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» №480 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
124001 |
17591,0 |
|
|
2 |
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
124008 |
1187,0 |
|
|
3 |
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
124009 |
250,0 |
|
|
|
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу |
124010 |
100,0 |
|
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
124011 |
3170,0 |
|