Автокөлік жолдары
Ойыл ауданында аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 291,36 км құрайды.
2020 жылғы 3 қыркүйекте өткен жылы басталған Қаратал ауылына кіре беріс 0-20,375км автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталып қабылданды.
«Ойыл-Қараой» автокөлік жолының 0-15 км учаскесіне орташа жөндеуге 390 362,930 мың теңге бөлініп, 89 778,518мың теңгесі игерілді.
15-30 км учаскесіне 50 000,000 мың теңге бөлініп, жеңімпаз мердігер «Агрофирма Коквест» ЖШС-мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Көптоғай ауылына кіреберіс» 0-22 км автокөлік жолын орташа жөндеуге 368млн 498,940 мың тенге бөлініп жеңімпаз «РСУ-1» ЖШС-мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде (игерілген қаржы-256 805,701.теңге (69,6 пайыз) .
«Шұбарши ауылына кіреберіс» 0-15,2км автокөлік жолын орташа жөндеуге 245 113,334 мың тенге бөлінді «Агрофирма Коквест» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп игерілген қаражат 189 267,057 тенге (77,2 пайыз)
«Қайыңды ауылына кіре беріс 0-26,960 км», «Сарбие ауылына кіре беріс 0-16,180км» автомобиль жолдарын орташа жөндеу нысандары бойынша ЖСҚ дайындалды.
Аудандық маңыздағы Бестамақ ауылына кіре беріс 0-1,84км автокөлік жолына 285 000 теңгеге, Ақкемер ауылына кіре беріс 0-12,7км автокөлік жолына 555 267 теңгеге, Ойыл ауылына кіре беріс 0-3,83км автокөлік жолына 450 767 теңгеге, Кемер ауылына кіре беріс 0-1,03км автокөлік жолына 285 000 теңгеге, Қаракемер ауылына кіре беріс 0-12,0км автокөлік жолына 555 267 теңгеге, Ақшатау-Қаракемер 0-19,7км автокөлік жолына 555 267 теңгеге, Құмжарған ауылына кіре беріс 0-2,96км автокөлік жолына 370 312 теңгеге, Екпетал ауылына кіре беріс 0-1,97км автокөлік жолына 285 000 теңгеге 20 қазан 2020 жылы орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасату үшін мемлекеттік сатып алуға конкур берілді. Конкурстың ашылу мерзімі 11.11.2020жыл.
Көшелерге асфальт салу
Ү.ж. облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Ойыл селосындағы Көкжар көшесі 79,2 млн.т (РБ-74,3 млн.т; ОБ-4,9 млн.т), Желтоқсан көшесі 30,8 млн.т (РБ-29,6 млн.т ; ОБ-2,1 млн.т), Бақаев - 37,0 млн.т (РБ-34,6 млн.т; ОБ-2,4 млн.т)) Молдагулова (9,9 млн.т), Аманкелді көшесі (жартылай-15,0 млн.т) , Шернияз көшесіне 90,5 млн. т (РБ-84,9 млн.т; ОБ-5,6 млн.т)асфальттау жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша барлығы 33 көше бар, оның 15-і асфальтталған. Алдағы жылға 9 көшеге асфальт төсеуге жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда.