Меню

Страницы

Статья

Алаяқтыққа жол жоқ!

Ақпарттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет – алаяқтар деп аталатын тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді.

         Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі – қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасынан ғана емес оның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады.

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Ойыл ауданы аумағында 8 алаяқтық қылмысы орын алған болса, оның ішінде 7 қылмыс интернет алаяқтықпен байланысты.

         Мәселен,  «Telegram» мессенджеріне өзінің пайда күнемдік мақсатын жүзеге асыру үшін белгісіз ер адам «Н» есімді қыздың атымен тіркелген, көп ұзамай жәбірленуші ер адам аталған адресатқа көзі түсіп чат арқылы хат алмасып, нәтижесінде  алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, анасының ауыр халде екендігін жеткізген, сөйтіп алаяқ жәбірленушіден 1 440 000 теңге иемденген.  

Аталған факт бойынша ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар алаяқтар өзінің пайда күнемдік мақсаттарын жүзеге асыру кезінде құзырлы органдардың, банк, аурухана қызметкерлері ретінде жәбірленушіге хабарласып өзінің алаяқтық жоспарларын жүзеге асыруда.

Осыған сәйкес аудан прокуратурасы ескертеді!

Қоңырау шалған өзіңізге белгісіз болған тұлғаларға жеке деректеріңізді айтпауға, егер алаяқтардың құрығына түскен жағдайда тез арада құзырлы органдарға хабарлауыңыз қажет.

 

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

 

Дата публикации
11 декабря 2024
Дата обновления
11 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы