Меню

Страницы

Статья

Жеке еңбек даулары қалай шешіледі?

Еңбек кодексінде жеке еңбек даулары бойынша алдымен келісу комиссияларына, одан кейін ғана сотқа жүгіну тәртібі көзделген.

Яғни, заң талабына сәйкес жұмыскерлердің немесе бұрын еңбек қатынастарында тұрған адамдардың не жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы.

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Ол, еңбек қатынастарын, еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастарды реттеу кезінде туындайтын мәселелер бойынша, әлеуметтік әріптестік, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек дауларын қарайды.

Еңбек кодексінің 159-бабының 4-тармағына сәйкес келісу комиссиясына келіп түскен өтініш өтініш берілген күні тіркеледі. Комиссия дауды өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған соң үш күн ішінде беруге міндетті.

Комиссияның шешімі жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, шешімде белгіленген күнде орындалуға тиіс. Ал жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу комиссиясының жұмыскерді жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімі дереу орындалуға жатады.

Егер еңбек дауының тарабы келісу комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.   

Өтініш иесінің талаптарын қанағаттандырған келістіру комиссиясының шешімін келесі жақ үш күн мерзімде атқарады (Еңбек туралы заңның 100-бабы). Комиссияның еңбек даулары жөніндегі шешімімен келіспеген жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші үш айдың ішінде сотқа шағымдануға құқылы.

Ұжымдық еңбек даулары — ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша жұмыс беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкілдері) арасындағы келіспеушіліктер.

Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей қарап, даудың мәні бойынша келісімге қол жеткізуге әрекет жасауға, ал аталған мерзім ішінде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан әрі қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып өзінін шешімі мен ұсыныстарын жаз­баша түрде еңбек ұжымының назарына жеткізуге міндетті.

 

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
18 октября 2024
Дата обновления
18 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы