Меню

Страницы

Статья

Азаптау – адамшылыққа жат

Азаптау – адамшылыққа жат

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес «Ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға немесе жазалауға болмайды».

Осылайша, 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап азаптау фактілері бойынша қылмыстарды тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатады.

Қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің азаптаулар көрсетуіне жол бермеу мақсатында прокурорлар ақпараттық сайттардың мониторингін, уақытша ұстау изоляторын және құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларын тәулік бойы тексеруді жүзеге асырады.

Бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жарамдылығы мен бейнежазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы «соқыр жерлерді» болдырмауға ерекше назар аударылады.

БҰҰ Конвенциясына сәйкес «азаптау» анықтамасы қандай да бір адамға одан немесе үшінші адамнан мәлімет немесе мойындау алу, ол немесе үшінші адам жасаган немесе жасағанына сезік келтірілген әрекеті үшін оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды қорқыту немесе мәжбүрлеу үшін дене немесе рухани қатты зақымдары немесе азап шегуі қасақана жасалатын немесе кез келген сипаттағы кемсітушілікке негізделген кез келген себеп бойынша мұндай зақымды немесе азап шегуді мемлекеттік лауазымды тұлғамен немесе ресми түрдегі басқа да адаммен немесе олардың азғыруы немесе олардың келісімімен немесе үнсіз келісу бойынша келтірілетін кез келген іс-әрекетті білдіреді.

«Азаптаудың» халықаралық-құқықтық анықтамасында оны сипаттайтын үш негізгі белгіні ажыратуға болады:

- қатты физикалық ауырсыну немесе моральдық азап,

- әдейі немесе қасақана ауырсыну,

- белгілі бір мақсатты көздеу, атап айтқанда, ақпарат алу, жазалау немесе қорқыту.

Егер Сізге және Сіздің жақындарыңызға қатысты азаптау немесе тергеудің рұқсат етілмеген әдістері қолданылса, Ойыл ауданының прокуратурасына хабарласу қажет.

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

 

 

 

Дата публикации
24 сентября 2024
Дата обновления
24 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы