Меню

Страницы

Статья

«Жария сектор» - сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің қолжетімді ішкі жүйесі

«Жария сектор» - сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің

бірыңғай тізілімінің  қолжетімді ішкі жүйесі

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының тарапынан қылмыстық процесс қатысушыларының тергеу және анықтау органдарымен жедел, сапалы өзара іс-қимылына ықпал ететін қылмыстық процесті цифрландыру бойынша белсенді шаралар қабылдануда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің электрондық форматына көшуге байланысты «qamqor.gov.kz» ақпараттық порталында қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдармен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін СДТБТ «Жария сектор» жүйесі әзірленді.

Аталған ішкі жүйе қылмыстық процесс қатысушысына (күдікті, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың заңды өкілдері) «qamqor.gov.kz» сайтында Интернет желісі арқылы СДТБТ ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге қол жеткізуге, оның ішінде қабылданған процестік шешімдер туралы білуге, өзіне немесе қорғауындағы тұлғаға қатысты қылмыстық іс материалдарын алуға, шағымдар мен өтінішхаттар келтіруге мүмкіндік береді.

Қылмыстық процеске қатысушылардың СДТБТ «Жария секторы» арқылы өтінішхаттар беруі прокурорларға онлайн режимде мониторинг жүргізуге және олардың сапалы қаралуына мүмкіндік береді.

        Сервис қылмыстық процестің барлық қатысушыларына жедел ақпаратпен алмасуға, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ашықтығын арттыруға септігін тигізеді.

 

                                         Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
26 июня 2024
Дата обновления
26 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы