ХАБАРЛАНДЫРУ.
Құрметті Саралжын, Ақкемер ауылының тұрғындары!
2024 жылдың 12 наурыз күні сағат 10 00 –де Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылы Бейбітшілік көшесі №15 мекенжайында орналасқан Саралжын ауылдық клубының ғимаратында Саралжын ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Саралжын, Ақкемер ауылдарының топономикалық жүгі жоқ атаулары бар көшелеріне жататын Бейбітшілік және Жеткіншек көшелерін қайта атау туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
« Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ