ХАБАРЛАНДЫРУ.
Құрметті Көптоғай, Аманкелді Шұбарши ауылдарыны тұрғындары!
2024 жылдың 12 наурыз күні сағат 10 00 –де Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылы Қазақстан көшесі №18 мекенжайында орналасқан Көптоғай ауылдық клубының ғимаратында Көптоғай ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
«Әкімшілік–аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Көптоғай, Аманкелді, Шұбарши ауылдарының топономикалық жүгі жоқ атаулары бар көшелеріне жататын Бейбітшілік, Ардагер, Мектеп, Сапы және Желтоқсан көшелерін қайта атау туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
«Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ