ХАБАРЛАНДЫРУ.
Құрметті Ойыл, Қаракемер ауылының тұрғындары!
2024 жылдың 12 наурыз күні сағат 15 00 –де «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ойыл ауылы Көкжар көшесі №69 мекен жайындағы кеңсе ғимаратында Ойыл ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
«Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Ойыл ауылы Қаракемер ауылының топонимикалық жүгі жоқ атаулары бар көшелеріне жататын Бейбітшілік, Ынтымақтастық, Ардагерлер көшелерін қайта атау туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ