Меню

Страницы

Статья

Жол-көлік қауіпсіздік шаралары

 

Жол-көлік қауіпсіздік шаралары

 

Ойыл ауданының прокуратурасы жол-көлік оқиғаларының алдын бағытында жүргізген талдаумен медициналық қарсы көрсетілімдермен есепте тұрған адамдардың көлік құралын басқарып жүргенін анықтады.

Мәселен, ішкі істер органымен «Е» деген азаматқа 30.05.2018 жылы «В,С1» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығымен жүргізуші куәлігі берілген.

Деректер қорындағы мәліметтер бойынша аталған тұлғаның жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі F70.0 диагнозымен аудандық ауруханада есепте тұрғаны анықталды.

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде полиция органымен сотқа талап арыз беріліп, соттың шешімімен 6 тұлғаның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды, сот актісі заңды күшіне енді. 

 

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

 

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы