Норма шығармашылық қызметі
Құқықтық нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескеріп, жаңарып, дамып жатады.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.
Құқықтық нормаларды қолдану үшін оның мазмұнын азаматтар, бірлестіктер, органдар жақсы білуі керек. Егерде қоғамның құқықтық сана-сезімі төменгі дәрежеде болса, нормативтік актілер дұрыс қолданылмайды, заңсыздықтарға жол береді.
Өмірде халықтың көпшілігі нормативтік актілерді толық түсіне бермейді. Сондықтан мемлекеттің тиісті органдары қабылданған нормаларды халықтың түсінуін қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, норманы әртүрлі түсінуге жол бермеуге тырысады. Осындай мақсатта қабылданған акілерге талдау жасайтын болсақ, ағымдағы жылдың 9 айында Ойыл ауданында 26 нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Олардың 22-сінің күші Ойыл ауданы аумағында қолданылса, 1 Ойыл ауылдық округі аумағында, 1 Саралжын ауылдық округі аумағында, 2 Көптоғай ауылдық округі аумағында қолданыста.
Қабылданған актілердің 5 аудан әкімдігінің қаулысы, 21 шешім, оның ішінде 2 Ойыл ауданы әкімінің шешімі, 1 Ойыл ауылдық округі әкімінің шешімі, 1 Саралжын ауылдық округі әкімінің шешімі, 2 Көптоғай ауылдық окургі әкімінің шешімі, 15 Ойыл аудандық мәслихатының шешімі (13 актінің әзірлеушісі Ойыл ауданы әкімдігінің бөлімдері болса, 2 актінің әзірлеушісі Ойыл аудандық мәслихатының өзі).
Құқықтық қатынас саласына қарай жүйелейтін болсақ, 26 актінің 6- бюджет саласына, 4- жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, 2- әкімшілік-аумақтық бірлікке, 2- әлеуметтік қамсыздандыру, 1- жер қатынастары, 2- ветеринария, 3- коммуналдық шаруашылық, 1- төтенше жағдай, 4- жиналыстар мен сайлау учаскелеріне, 1- азаматтық қызметшілерге қатысты.
Яғни, аталған кезеңде келесідей құқықтық актілер қабылданды:
- «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 3 шешімі;
- «Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 21 шешімі;
- «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 11 шешімі;
- «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 25 шешімі;
- «Ойыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 111 «Ойыл ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атауларын және индекстерін бекiту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 76 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 мамырда № 8352 болып тіркелді;
- «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 27 шешімі;
- «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 47 шешімі;
- «Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 85 қаулысы;
- «Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің Саралжын ауылының көшесін қайта атау туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 28 шешімі ( Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 маусымда № 8363 болып тіркелді);
- «Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 69 шешімі ( Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 8370 болып тіркелді);
- «Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 192 «Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 55 шешімі;
- «Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 425 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 49 шешімі (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 шілдеде № 8382 болып тіркелді);
- «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 63 шешімі;
- «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 64 шешімі;
- «Карантин белгілеу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 30 шешімі( Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 33 шешімімен);
- «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 69 шешімі;
- «Ойыл ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 134 қаулысы;
- «Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 85 «Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 141 қаулысы;
- «Ойыл ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 142 қаулысы;
- «Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 4 шешімі (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 тамызда № 8392 болып тіркелді);
- «Карантинді алу және Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі «Карантинді белгілеу туралы» № 30 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 33 шешімі;
- «Ойыл ауданының елді мекендері аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 72 шешімі;
- «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 шешімі (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 8395 болып тіркелді);
- «Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 194 «2023 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 71 шешімі;
- «Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 74 шешімі;
- «Ойыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы №75 шешімі.
Жоғарыда аталған құқықтық актілердің жобалары «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылып, қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаларды алу үшін тиісті органдарға жолданды және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ашық НҚА порталындағы жобаларға сілтемелер аудан әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды. Жоғарыда аталған актілердің алтауы мемлекеттік тіркеуден өтсе, қалғандары үшін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндетті болмауына байланысты, эталондық бақылау банкіне жарияланды. Яғни, осы аталған актілердің мазмұнымен толық танысу үшін, ресми жарияланым көзі болып табылатын- Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне жүгіне аласыздар.
Ойыл ауданы әкімі аппаратының
бас маманы- заңгер
С.А. Маханова