Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі болып табылады.
Жалпы, пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек.
Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түрмеге жібермей, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай адамдарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.
Пробация қызметінің кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін жетілдіру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.
Мәселен, а.ж. аудан аумағында ауыл тұрғыны «А» пробация қызметінің есебіне алынған. Алайда, жаза өтеу барысында сотпен жүктелген міндеттерді бірнеше рет бұзып, өз бетінше түзелуге мүмкіндік берген соттың ізгілікті қаулысын түсінбей, өзіне жүктелген міндеттерді сақтамай, Ойыл аудандық пробация қызметімен жасалған ескертулерден еш нәтиже шығармай, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтарға жол берген, яғни ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзған.
Соттың қаулысымен сотталған тұлға бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Осы бағытта адамның қылмыс жасағанына қарамастан олардың түзеу мекемесіне отырмауына мүмкіндік беру және қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттарын барлығын орындауы керек. Ал, байқаусызда сүрінген адамдарға қайта тәрбеленуіне, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуде барша күш жігері салынып, мүмкіндік берілген әрбір азаматтың пробация қызметінің рөлін түсінгені дұрыс.
Ойыл ауданының прокуратурасы