Ағымдағы жылдың 8 тамызында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Тлепов Ербол Мырзабайұлы Ойыл ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, мемлкеттік қызмет, мемлкеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодекісінің талаптары мен онда көзделген шектеулер жөнінде түсініктер берілді.
Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің қоғам тарапынан сынға жол бермеу және оның алдын-алуға бағытталған сапалы шараларды қабылдау қажеттілігі мен мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті бойынша мәселелер талқыланды.