Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Алимент қатынастары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат.
Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ 21 жасқа дейін күндізгі бөлімде білім алатын немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға міндетті. Бұдан басқа, ата-аналар кәмелетке толған еңбекке жарамсыз балаларды ауыр сырқаттанған, мертіккен немесе оларға күтім жасау үшін ақы төлеу қажет болған жағдайда оларды күтіп-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуға тиіс.
Алимент төлеудің екі тәсілі бар:
Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
Кәмелетке толмаған балаларға алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы адамдар болып мыналар: бала бірге тұратын ата-анасының бірі, баланың қорғаншысы (қамқоршысы), патронат тәрбиеші, баланы қабылдайтын ата-аналар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшылары, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, егер бір адам бала асырып алуды баланың екінші ата-анасымен жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары мен міндеттерін сақтай отырып жүргізсе, бала асырап алушы танылуы мүмкін.
Алимент төлеуден жалтарған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық туындайды.
Ойыл ауданының прокуратурасы