Меню

Страницы

Статья

Азаптау мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы

Азаптау мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы

 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес азаптаулар туралы қылмыстық істерді тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатқызылды.

         Прокурор азаптау туралы арызды немесе азаптау фактісін анықтай отырып, оны дереу Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркейді және шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізеді.

Қазіргі уақытта азаптауларға және жазаның бұлтартпастығына қарсы тұру мақсатында адамдарды заңсыз ұстау және азаптауды қолдану фактілері бойынша адвокаттар, құқық қорғаушылар және басқада тұлғалар прокуратура органдарына жүгіне алады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында азаптаулардың және тергеудің басқа да заңсыз әдістерін алдын алу мақсатында қылмыстық қудалау органдарында үздіксіз бақылау жүргізу үшін бейнекамералар орнатылған.

Қылмыстық қудалау органдары қылмыстық процеске қатысушылардың барлық құқықтары мен бостандықтарын міндетті түрде сақтауға, азаптау мен зорлық-зомбылық қолдануға жол бермеуге бағытталды.

 

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы