ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЫ

 

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Қайыңды ауылдық

округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 

            2026 жылғы 8 ақпанда Ақтөбе облысы  Ойыл  ауданының  Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қайыңды ауылдық округі әкімі сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Қайыңды сайлау округі

Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 501 азамат енгізілді, олардың – 263 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                Бисебаев Д.К. – 194; Галымжанов Д.Г. – 22; Туремуратов М.О. – 40.

 

Бисебаев Даурен Каржауович  – 1976 жылы дүниеге келген, «Ойыл аудандық Мансап орталығы» КММ-нің директоры, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                             Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 февраля 2026