Ауданымызда соңғы жылдары ақпараттық жүйелерді және әлеуметтік желілерді пайдалану жолымен жүзеге асырылатын алаяқтық қылмыс деректері жыл сайын артып келеді.
Ауданымызда 2025 жылы 14 алаяқтық қылмысы тіркелсе, оның ішінде 9 интернет-алаяқтық қылмысы орын алған.
Аталған қылмыстық әрекет алаяқтардың түрлі ақпараттық жүйелерді және әлеуметтік желілерді пайдаланудың түрлі әдістерімен жүзеге асырылады.
Мысалы, өздерін әр түрлі банктің қызметкерімен деп таныстырып, сол арқылы жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның жеке бас деректеріне қол жеткізіп, ғаламтор арқылы несие рәсімдеуі арқылы жасалады.
Оған қоса, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрі желідегі сауда алаңдарында таралатын түрлі хабарландырулардан басталуы.
Әлеуметтік желідегі әр түрлі жарнамалық қосымшалардан тауар немесе қызмет түрін жәбірленушілерге арзан бағамен ұсыну арқылы тез жеткізілуімен қызықтырады.
Сөйтіп сатып алушыға алдын ала толық немесе жартылай төлем жасауды өтініп, үшінші адамдардың шотына ақша аудартады.
Осылайша, алаяқтар жәбірленушілердің cенімін теріс пайдалану жолымен оларды өз пайдасына асырады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде чаттарға тіркеліп, сол жерде таралатын жалған хабарламаларға сенім білдіріп алданып қалу себебінен туындайды.
Қазіргі уақытта ауданымызда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары тарапынан интернет-алаяқтық қылмыс деректерінің алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда арнайы билдбордтар ілініп, бейне материалдар түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылып, бірқатар профилактикалық шаралар жүзеге асырылып келеді.
Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғау аламыз.
Ойыл ауданының прокуратурасы