Конституциялық Сот: Құқық қорғау қызметіне қабылдау талаптары Конституцияға қайшы келмейді

Конституциялық Сот:  Құқық қорғау қызметіне қабылдау талаптары Конституцияға қайшы келмейді

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына (бұдан әрі - Конституциялық Сот) «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасының конституциялығын тексеру туралы өтінішті қарады.

Аталған нормада мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептермен жұмыстан босатылған адам құқық қорғау қызметіне қабылданбайды деп көзделеді.

Өтініштің мән-жайы

Өтініш берушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, кейіннен құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін құқық қорғау қызметінен теріс себептермен шығарылғанын түсінуге болады.

Өтініш берушінің пікірінше заңда белгіленген норма өзінің құқық қорғау қызметіне кіруіне конституциялық құқығын шектейді.

Конституциялық Соттың ұстанымы

Конституциялық Сот өзінің құқықтық ұстанымдарында аталған қызметтің ерекшелігі кандидаттарды іріктеудің жоғары өлшемшарттарын талап етеді, бұл жария мүдделермен және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін қамтамасыз ету қажеттігімен байланысты. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінде қызметкерлердің Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің, құқық қорғау органының беделін түсіретін және қоғамдық теріс резонанс тудыратын әрекеттердің жасалуына жол бермеуі көзделеді.

Демек, мемлекеттік қызмет түрлеріне кіру шарттарын сараланған заңнамалық реттеу, егер оның осындай органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мен мемлекеттік органдардың функцияларындағы айырмашылықтардан туындайтын объективті және ақылға қонымды негіздемесі болса, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген конституциялық ережені бұзатын кемсітушілік деп есептелмейді.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі

Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот аталған норма Конституцияға сәйкес келеді деген  қорытындыға келді. Нормативтік қаулы түпкілікті, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

                                                                         Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
22 января 2026