Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы
қорытынды ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Қайыңды ауылдық округі бойынша 4 кандидат:
- Амирбаева Света Бактияровна, 1969 жылы дүниеге келген, «ГрандБизнесСтрой KZ» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Бисебаев Даурен Каржауович, 1976 жылы дүниеге келген, «Ойыл аудандық Мансап орталығы» КММ-нің директоры, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
- Галымжанов Дархан Галымжанович, 1978 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл селосының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Туремуратов Маулен Оралұлы, 1986 жылы дүниеге келген, «Ойыл аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл селосының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.