Ойыл ауданы бойынша Қайыңды ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен
тіркеу барысы туралы
2026 жылғы 8 ақпанда өтетін Ойыл ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 4 кандидат ұсынылды. Оның 1 - саяси партиясы, 3 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам және 1 – әйел адам.
1 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 3 - кандидат партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы - 48 жас. Ұсынылған кандидаттар 1 этностың өкілдері.
3 - кандидаттың жоғары білімі, 1 – кандидаттың орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 3 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 18 қаңтар сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 7 ақпан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.