Ойыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ойыл аудандык мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасына баспа-релизі

Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 баптарына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.       Ойыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6631 тіркелген, 2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер – «8 431 807,3» сандары «8 459 950,3» сандарымен ауыстырылсын,

оның ішінде:

трансферттер түсімдері бойынша – «8 093 939,3» сандары «8 122 082,3» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар – «8 961 851,1» сандары «8 989 994,1» сандарымен ауыстырылсын;

6 тармақта:

2) тармақшасында:

«167 831» сандары «140 922» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшасында:

«158 191» сандары «147 385» сандарымен ауыстырылсын;

8) тармақшасында:

«72 390» сандары «45 240» сандарымен ауыстырылсын;

9) тармақшасында:

«7 390» сандары «0» санымен ауыстырылсын;

10) тармақшасында:

«375 987» сандары «495 987» санымен ауыстырылсын;

11) тармақшасында:

«205 696» сандары «178 152» санымен ауыстырылсын;

12) тармақшасында:

«25 431» сандары «22 909» санымен ауыстырылсын;

13) тармақшасында:

«16 800» сандары «15 800» санымен ауыстырылсын;

6 тармақ келесі мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

«15) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлуге – 10 891 мың теңге.».

7 тармақта:

1) тармақшасында:

«590 905» сандары «601 475» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

«353 891» сандары «348 553» сандарымен ауыстырылсын.

9 тармақта:

1) тармақшасында:

«260 841» сандары «255 182» сандарымен ауыстырылсын;

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Ойыл   аудандық   мәслихатының   аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім 2020  жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2020 жылы 24 қарашада, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында  11 қарашада  2020 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 23 қарашадағы №47 хатымен алынды.

Ойыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
27 ноября 2020