«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес аудандық «Ойыл» газетінде шығып қалған Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарының орнына тіркелген кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны — 300 теңге ҚҚС қоса алғанда.
2. Үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см.құны 400 теңге ҚҚС қоса алғанда
3. Үгіттік материалдарын газеттер сайттарында орналастыру құны – жалпы сомадан 50%.
Аудандық «Ойыл» газетінің таралымы - 1332 дана.
Газеттің шығу жиілігі аптасына 1 рет:
Сейсенбі күні—D2 форматта;
4. Шығып қалған Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарының орнына тіркелген кандитаттарға ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
5. Үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру «Ойыл газеті» ЖШС-ның қалауы бойынша жүзеге асырылады.
6. Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуытиіс.
7. Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады.
8. Жасалған шарт бойынша «Ойыл» газетінде орналастырылған үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
9. Үгіттік материалдарды газетке орналастыру үшін қабылдау 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 20 қазаны күнгі сағат 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мекен-жайымыз: Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Көкжар көшесі, 69-үй, 318-322 бөлмелер.
«Ойыл газеті» ЖШС