2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Ойыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Ойыл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 27 тамыздағы

№ 19 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Ойыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен

өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей

(22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл  ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2025 жылдың 11 қыркүйегіне дейін

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2025 жылдың 11 қыркүйегіне дейін

 (17-б. 2-т.)

 

5. № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі

2025 жылы 27 тамызда басталады және 25 қыркүйек сағат 18.00 аяқталады

(103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні)

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

2025 жылы 27 тамызда басталады және 30  қыркүйек сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                     (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                                 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Ойыл ауданының әкімдігі және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл ауданының әкімдігі және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Ойыл ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылдың 5 қазаны

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2025 жылдың 10 қазанынан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 15 қазанына дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 23 қазан - 25 қазанында

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылдың 26 қазаны жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні 2025 жылдың 26 қазанында  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2025 жылдың 26 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                           (108-б. 1-т.)

 

28. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 28 қазанынан кешіктірмей                                                                    

(108-б. 2-т.)

 

29. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылдың 2 қарашасынан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

30. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
27 августа 2025