«Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ның - «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Аккемер ауылына кентішілік газ құбырын салу» көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

«Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  ММ-ның - «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Аккемер ауылына кентішілік газ құбырын салу» көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

Хаттама

 

Жиынтық кесте жасалған күні:17.06.2025 ж.                    

Жиынтық кесте жасалған орын: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 23.05.2025 ж.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 23.05.2025-17.06.2025 жж.

 

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер

1

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, - «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, 23.05.2025ж. №KZ38RYS01160292 белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген   ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы ресми   интернет-ресурстарда орналастырылғанын,   сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1.Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге   қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық   талаптар» санитариялық қағидаларын   басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптары ескерілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

2

«Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ

                            -

-

3

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы»

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану  жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ (әрі қарай-Инспекция), «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  ММ-ның - «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Аккемер ауылына кентішілік газ құбырын салу» жұмыстарын жүргізуге қатысты белгіленіп отырған қызметі туралы  өтінішін  қарап, ұсыныстарды  қосымшаға  сәйкес жолдайды.

«Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (бұдан әрі - бастамашы) көзделіп отырған қызметті іске асыру үшін су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Жайық – Каспий бассейндік инспекциясы ұсынылған географиялық координаттарға сәйкес:  1 49°40'13.3" 54°51'50.8" 2 49°40'12.6" 54°52'02.6" 3 49°40'04.7" 54°52'27.1" 4 49°39'44.6" 54°52'11.1" 5 49°39'42.2" 54°51'47.6" 6 49°39'52.7" 54°51'39.0" 7 49°40'04.5" 54°51'50.8"   су қорғау белдеуі мен аймағынан тыс орналасқан. Сонымен қатар, берілген өтінішке сәйкес мынадай ұсыныстар енгізеді.                                                                                                                                                       

1.ҚР Су кодексінің 92-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес шаруашылық қызметі жер асты суларының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингін жүргізуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерін болғызбау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға міндетті.

2-тармақ ауыз сумен жабдықтау үшін қорлары бекітілген жер асты суларының кен орындары мен учаскелерінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген санитарлық қорғау аймақтарына қойылатын талаптар сақталуы тиіс. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер асты суларын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтардың көмінділерін, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

2. ҚР Су кодексінің 103-бабының 5-тармағына сәйкес, технологиялық процесте көзделген ұйымдарды қоспағанда, өнеркәсіп үшін ауыз суды басқа сападағы суды пайдалану мүмкіндігі болған кезде пайдалануға жол берілмейді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерін бірінші кезектегі қанағаттандыруды ескере отырып, өнеркәсіптік мақсаттар үшін ауыз суды тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін ауыз суды тұтыну мерзімдері бассейндік инспекцияның келісімі бойынша белгіленеді. 

3. Су объектілері мен олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында (тиісті облыстардың әкімдіктері белгілеген) құрылысқа байланысты (немесе құрылысқа байланысты емес) көзделіп отырған қызметті іске асыруды Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып жүзеге асыру, атап айтқанда:

3.1. Су объектілерінде және су қорғау белдеулері шегінде Жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендері мен коммуникацияларын) жобалауға, салуға және орналастыруға, Су шаруашылығы және су жинау құрылыстары мен олардың коммуникацияларын қоспағанда, топырақ және шөп жамылғысын (оның ішінде жер жырту, мал жаю, пайдалы қазбаларды өндіру) бұзатын жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігінің қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымы объектілерін;

3.2.Су қорғау аймақтары шегінде ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды және басқа да объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбаларды өндіруге, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды, бұрғылау, жер және өзге де жұмыстарды бассейндік инспекциямен келісілген жобаларсыз жүргізуге тыйым салынады;

3.3.Су объектілерінің аумағы арқылы көліктік немесе инженерлік коммуникацияларды салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, бітелуін және сарқылуын болдырмауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізуді көздеуге тиіс;

4. Су объектілерінде белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған кезде көзделіп отырған қызметті іске асыру туралы тиісті шешім су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында баяндалғанды ескере отырып қабылдансын.

Белгіленіп отырған қызмет туралы 8-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес ескерілді.(Ең жақын су объекті Киыл өзені 30 м қашықтықта).

 

4

«Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті»

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (әрі қарай – Департамент) Сіздің 2025  жылғы  23 мамырындағы   №01-04-7/827-И  хатыңыз бойынша   «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  ММ-ның - «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Аккемер ауылына кентішілік газ құбырын салу»  өтінішіне сәйкес  көзделіп  отырған қызметі  Департаменттің  құзіретіне  кірмейтіндігін  хабарлайды.

-

5

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  ММ-ның - «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Аккемер ауылына кентішілік газ құбырын салу» құрылыс жоспары туралы өтінішін қарап, келесі мәліметтерді жолдайды;

Газ құбырының құрылыс учаскісі ауылдық елді мекен аумағы болғандықтан, ерекше қорғалатын табиғи аймаққа және мемлекеттік орман қоры жерлеріне кірмейді, бұл жерде жануарлар мен құстар мекендемейді.

Құрылыс аланы елді мекен аумағы болғандықтан, жұмыс кезінде ағаш кесу жоспарланса, ағаштар мемлекеттік орман қорына кірмегендіктен, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне сәйкес, ағаштар мен бұталарды бұзу (кесу, шабу) мәселелері, жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс. Бұл рәсім қалалар мен елді мекендердің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерімен реттеледі

Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдесіндегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 17 бабының талаптары орындалуы және сақталуы қажет.

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  ММ-ның өтінішіне, басқа ұсыныстар жоқ екендігін хабарлайды. 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 30.07.2021ж. №280 бұйрығының 17-бабына, 4-тармақшасына,29 тармағына сәйкес ескерілді.

6

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы»

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өз құзыреті шегінде «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  ММ-ның - «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Аккемер ауылына кентішілік газ құбырын салу» туралы өтінішін қарастырып, ҚР Жер кодексінің 140-бабы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлайды, атап айтқанда: бүлінген жерлерді қалпына келтіру, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру және оны шаруашылық айналымға уақытылы тарту жөнінде нақты іс-шараларды көздеу.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

7

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы                               2 қаңтардағы Экологиялық  кодекстің   68   бабының   9   тармағына     сәйкес, «Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ,  23.05.2025 ж. №KZ38RYS01160292  материалдарымен белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ресми интернет-ресурстарда орналастырылғанын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1.Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

8

«Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті»

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Кодекстің 4-қосымшасына сәйкес іс-шараларды енгізуді қарастыру.

3. Атмосфералық ауаның, су ресурстарының жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру.

 

-

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тарапынан келіп түскен жоқ.

Дата публикации
25 июня 2025