ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы
ХАБАРЫ
20 мамыр 2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 мамырда өткен Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Көптоғай ауылдық округі бойынша:
Асылбаев Ерлан Базарбайұлы – 1975 жылы дүниеге келген «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ойыл ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Саралжын ауылдық округі бойынша:
Тәжіғалиев Марат Тілепбергенұлы – 1963 жылы дүниеге келген, «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ойыл ауданы Кемер ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Саралжын ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы