Ойыл ауданындық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 124 « Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасына

«Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ойыл ауданындық мәслихатының  2024 жылғы 28 наурыздағы № 124 « Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі -шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасының қабылдануы адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Дата публикации
16 мая 2025