«Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ–сі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
«Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ–сі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Жакина Вера Еркиновнаның келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 - (71333) 2– 19 – 84.