Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық әрекеттері

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі –жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады.

        Бұл мәселе қазіргі таңда еліміз үшін көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

        Статистикалық мәліметтерге сәйкес елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен көбінесе ұрлық, тонау, бопсалау, есірткі заттарын сату, буллинг қылмыстық құқық бұзушылық жасалады.

        Мұндай әрекеттер үшін 14 жастан жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал 16 жастан бастап жасөспірім толық қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

        Қылмыстық құқық бұзушылық баланың болашағына әсер етуі мүмкін екенін түсіну маңызды, бұл оқуға одан әрі жұмысқа орналасуға және әлеуметтік мәртебеге әсер етуі мүмкін.

        Егер кәмелетке толмаған адам мұндай жасқа толмаған болса, онда оның ата-анасы балаларының заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады.

        Әлеуметтік желілердің дамыған заманында виртуалды ортада құқық бұзушылық жасалу фактілері кездеседі.

        Мәселен, кибербуллинг, тыйым салынған материалдарды тарату, қауіпті интернет-челлендждерге қатысу  мұның бәрі балаларға кері әсерін тигізеді.

        Осыған байланысты ата-аналар балаларының интернеттегі белсенділігін бақылауы желідегі қандай әрекеттер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруі және жеке деректерін қорғауы қажет.

 

                  

                                                                  Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
14 марта 2025