2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес азаптаулар туралы қылмыстық істерді тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатқызылды.
Прокурор азаптау туралы арызды немесе азаптау фактісін анықтай отырып, оны дереу Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркейді және шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізеді.
Қазіргі уақытта азаптауларға және жазаның бұлтартпастығына қарсы тұру мақсатында адамдарды заңсыз ұстау және азаптауды қолдану фактілері бойынша адвокаттар, құқық қорғаушылар және басқада тұлғалар прокуратура органдарына жүгіне алады.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында азаптаулардың және тергеудің басқа да заңсыз әдістерін алдын алу мақсатында қылмыстық қудалау органдарында үздіксіз бақылау жүргізу үшін бейнекамералар орнатылған.
Қылмыстық қудалау органдары қылмыстық процеске қатысушылардың барлық құқықтары мен бостандықтарын міндетті түрде сақтауға, азаптау мен зорлық-зомбылық қолдануға жол бермеуге бағытталды.
Ойыл ауданының прокуратурасы