ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 3 632 231,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 895 483 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 21 345 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 93 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 715 310,5 мың теңге;
2) шығындар – 4 347 456,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 18 188 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 62 912 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 44 724 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -733 412,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 733 412,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 62 912 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 44 724 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 715 224,7 мың теңге.».
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:
1) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 16 746 мың теңге;
2) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 1 637 мың теңге;
3) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 25 178 мың теңге;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 109 975 мың теңге.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».