ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық
округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
2025 жылғы 2 ақпанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтері әкімдері сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Ойыл сайлау округі
Ойыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4264 азамат енгізілді, олардың 2280 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 21, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 54.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алекеш А.А. - 145, Сағынғалиев Р.Т. - 1559, Туремуратов М.О. - 501.
Сағынғалиев Рүстем Темірұлы - 1985 жылы дүниеге келген «Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің» КММ-нің мұғалімі, Ойыл ауданы Ойыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Ойыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ш.Берсиев атындағы сайлау округі
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 934 азамат енгізілді, олардың 528 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 16.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтқалиев Н.А. - 47, Избасов А.Ж. - 367, Наурызбаев А.Н. - 94.
Избасов Адилбек Жансерикович - 1991 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ойыл ауданы Ойыл ауылының тұрғыны, «АМАNAT» партиясы ұсынылған, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің әкімі болып сайланды.
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы