Ақпараттық технологияның дамыған заманында өңірімізде ақпараттық жүйені пайдалану арқылы алаяқтық қылмыстарының саны күрт өсуде.
Мысалы, алаяқ пайдакүнемдік мақсатта әлеуметтік желілерде «Билайн» абоненттік номерін арзандатылған тарифтік жоспарға қосып беретіндігі туралы жалған жарнама жасаған, нәтижесінде Ойыл ауданының тұрғыны алаяқтың құрығына түсіп, өз қаражатынан айырылған.
Аталған факт бойынша Ойыл АПБ ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен тергеп-тексеруді бастап, қылмыстық істі аяқтады.
Сонымен қатар алаяқтықтың тағы бір түрі - фотосуреттер арқылы жасалады.
Мәселен, алаяқтар мессенджерлерде фотосуреттер түрінде зиян келтіруі мүмкін бағдарламалық сілтемелерді жібереді. Өз кезегінде пайдаланушы фотосуретті ашуға және көруге тырысқан кезде орнату файлы іске қосылады.
Осылайша, алаяқтар мобильді құрылғыны басқаруды өз қолына алып, ақпараттық жүйені қолдана отырып өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырады.
Ескерту: Әлеуметтік желілерінің топтарында жарияланған жарнамалардың толығымен шынайы екендігіне көз жеткізбей қаражат аудармауларыңызды және бейтаныс абоненттік нөмірлерінен келген сілтемелерді ашып қарамауларыңызды сұраймыз.
Ойыл ауданының прокуратурасы