Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтері әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Ойыл ауылдық округі
Алекеш Ахмет Алтайұлы - 1993 жылы дүниеге келген, «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Сағынғалиев Рүстем Темірұлы - 1985 жылы дүниеге келген «Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі» КММ-нің мұғалімі, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Туремуратов Маулен Оралұлы - 1986 жылы дүниеге келген, «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі
Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы - 1995 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Избасов Әділбек Жансерікұлы - 1991 жылы дүниеге келген «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Наурызбаев Алмат Наурызбайұлы - 1993 жылы дүниеге келген, «Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.