Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы - 1995 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Наурызбаев Алмат Наурызбайұлы - 1993 жылы дүниеге келген, «Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тіркеу уақыты: 09.01.2025ж.