Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды
ұсыну қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
2025 жылғы 7 қаңтардағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына құжаттар келіп түсті:
Ойыл ауылдық округі бойынша 3 кандидаттан:
- Алекеш Ахмет Алтайұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Сағынғалиев Рүстем Темірұлы, 1985 жылы дүниеге келген, «Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі» КММ мұғалімі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
- Туремуратов Маулен Оралұлы, 1986 жылы дүниеге келген, «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ бөлім басшысы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі бойынша 3 кандидаттан:
- Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы, 1995 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Избасов Әділбек Жансерікұлы, 1991 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы, «AMANAT» партиясы ұсынған.
- Наурызбаев Алмат Наурызбайұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.