Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

2024  жылғы  25 желтоқсан                № 17                                 Ойыл ауылы

 

 

 

 

 

Ойыл ауданының  Ойыл және  Ш.Берсиев атындағы

ауылдық  округтер әкімдерінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының   1-тармағы,

1-тармақшасына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық  округтер әкімдерінің сайлауы  2025 жылғы  2  ақпанға  тағайындалсын:
  2. Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024  жылдың 26 желтоқсанынан  басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы  2025  жылдың 7 қантары күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 
  3. Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 12 қаңтар күнгі   сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.

        

      

        Аудандық аумақтық сайлау                  

         комиссиясының төрағасы                                  Б.Бисекенов

 

 

                 

        Аудандық аумақтық сайлау    

        комиссиясының  хатшысы                                  Н.Кенжебеков

 

 

Дата публикации
25 декабря 2024