Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
жөніндегі аймақтық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
  3. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
  4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  5. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны аудан әкімі басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары аудан әкімінің лауазымы бойынша орынбасары, хатшысы – аудан әкімі аппаратының қызметкері болып табылады.

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы; Ойыл ауданының прокуроры, Ойыл аудандық полиция бөлімінің басшысы, Ойыл аудандық кірістер басқармасының басшысы, Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы кіреді. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.

  1. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
  2. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

       1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

       2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;

       3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.

  1. Комиссия өз құзыреті шегінде:

       1) жергілікті органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

       2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;

       3)  өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;

       4) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге.  

Дата публикации
28 ноября 2024