«Бекітемін»
Ойыл ауданының әкімі
Ойыл ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;
3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын қарау;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдау;
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;
8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Комиссияның жетекшісі оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
Комиссия отырыстары, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып саналады.
Хатшы комиссияның мүшесi болып табылмайды.
Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және хаттама жобасын қоса бере отырып, оларды жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын жұмыс тобының мүшелеріне электронды форматында жібереді.
10. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар.Комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға қол қоятын хаттама жасалады.