«Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі комиссияның жұмысшы органы болып табылады. Комиссия Ойыл ауданының аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашық, жариялық, алқалық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2024 жылғы №05-05/1452 хатты басшылыққа ала отырып Ойыл ауданы әкімдігі қаулы етеді
Жыл басынан бері 1 комиссия отырысы ұйымдастырылып өңірлік жұмыспен қамту картасының деректерін өзектендіру және Д.Е санаттарындағы отбасыларды өмірдің қиын жағдайларынан шығару, аталған мәселені қарау бақылау үшін ауылдық округтер мен полиция бөлімі, орталық аурухана, кірістер басқармасына тізім жолданып отырады.