Салық базасын кеңейту жөніндегі комиссия құру туралы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің 2024 жылдың 15 ақпанында «Ойыл ауданының 2024 жылға арналған салық салу базасын кеңейту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» № 8 өкім қабылданды.

Комиссия құрамы 18 мүшеден құралған. Оның ішінде 1 мүше комиссия төрағасы және 2 мүше комиссия төрағасының орынбасары.

Ағымдағы жылдың ақпан және қараша айларында аталған жұмыс тобының 2 отырысы өткізілді. Комиссия отырысы барысында аудандық бюджетке түсетін салық салу базасын кеңейту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету мәселелері қарастылып, іс-шаралар Жоспары жасақталды және оның орындалуы тиісті органдарға тапсырылды. 

Комиссияның негізгі міндеттеріне: Округтер бойынша кәсіпкерлердің және т.б. шартсыз жұмыс істейтін азаматтар мен жұмыссыздар туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына ақпарат беру, декларативтік есептерге енгізуге, адамдарды заңсыз тасымалдау және жүк тасымалдау бойынша жәрдемдесу, қызмет көрсетудің тіркелмеген нысандарын анықтау, комиссияның жұмыс органына ұсыну, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құжаттарды заңдастыруды ұйымдастыру және т.б. кіреді.

Дата публикации
26 ноября 2024