Бюджеттік комиссия құру туралы.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексін басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің 2022 жылдың 28 ақпанында «Ауданның бюджеттік комиссиясын құру туралы» № 36 қаулы қабылданды.

Комиссия құрамы 13 мүшеден құралған. Оның ішінде 1 мүше төраға және 1 мүше төрағаның орынбасары.

Ағымдағы жылдың сәуір, мамыр, маусым, тамыз және қараша айларында аталған комиссияның 5 жиыны өткізілді. Комиссия отырысы барысында аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастылып, мәслихат сессиясына ұсынылды. 

Комиссияның негізгі міндеттеріне: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу, аудандық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, аудандық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау және т.б. кіреді.

 

Дата публикации
26 ноября 2024