Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына сәйкес «Аудандық жер комиссия құрамы және ережесін» Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 мамырдағы №136 шешімімен бекітілді.
«Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия Ойыл ауданының аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашық, жариялық, алқалық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Жыл басынан бері 8 комиссия отырысы ұйымдастырылып жер қатынастыры бойынша 180 өтініштер қаралып жер заңнамасына сәйкес шешімі табылды. Қазіргі таңда комиссия өз жұмысын тұрақты түрде жалғастырылуда.