«Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ Ойыл аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

    Ойыл аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директордың  бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

     

    1. Лауазымдық міндеттері:

     

    • Мекеме мүліктерінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
    • Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;
    • Қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақ мерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, мерекелік шараларды өткізуге арналған музыкалық, техникалық құралдар мен сахналық костюмдерді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады;
    • Қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;
    • Мәдени демалыстар күнтізбелік мерекелердің сапалы ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
    • Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
    • Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;
    • Ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын ұйымдастыруды бақылайды;
    • Ұжымдағы мамандардың біліктіліктерін арттыруға жағдай жасайды;
    • Шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    • Бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
    • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

     

     

     

     

    Санаты: А1-3;

    Лауазымдық жалақысы: қызмет өткерген жылдарына байланысты:

    281 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін.

     

    1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     

    Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

     

             мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

     

     

    Білуі тиіс:

     

    • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
    • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн;
    • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;
    • Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;

     

     

     

     

    Қазақстан Республикасының заңдарын:

     

    • «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»;
    • «Мәдениет туралы»;
    • «Мемлекеттік мүлік туралы»;
    • «Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл туралы»;
    • «Мемлекеттік сатып алулар туралы».

     

    1. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

     

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

    3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі (қосымшаларымен);

    5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

    6)«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрімін детін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелінген) бекітілген нысан бойынша денсаулықжағдайытуралы анықтама.

     

    Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігі нарттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

     

    Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбеоблысы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы, Көкжар 66 (Балалар кітапханасы ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады (Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі).

     

    Толық ақпаратты  +7 (71332) 2-20-79 телефоны бойынша алуға болады.

     

Дата публикации
07 августа 2024