Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

 

 

Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық

округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАР

 

            2024 жылғы  12 мамырда  Ақтөбе облысы  Ойыл  ауданының  Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Сарбие, Қараой және Қайыңды  ауылдық округтері әкімдері сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Сарбие сайлау округі

Сарбие ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 682 азамат енгізілді, олардың 388 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 1, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                Алекеш А.А. - 56, Альжанов М.Ш. - 79, Кереев Ә.С. - 249.

 

Кереев Әсет Сәкенұлы - 1989 жылы дүниеге келген Ойыл ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ойыл ауданы Ойыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Сарбие ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

Қараой сайлау округі

Қараой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 604 азамат енгізілді, олардың 379 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                      Досанов А.К. - 93, Султанов А.У. - 250, Туремуратов М.О. - 32.

 

Султанов Айбек Утегенович - 1988 жылы дүниеге келген, Қараой ауылдық округінің әкімі, Ойыл ауданы  Қараой  ауылының  тұрғыны,  «АМАNAT»  партиясы ұсынылған, Қараой ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

 

Қайыңды сайлау округі

Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 573 азамат енгізілді, олардың 250 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                      Абиев Ж.Б. - 151, Избасов А.Ж. - 64, Қонысқалиұлы Е. - 27.

 

Абиев Жазылбек Багдатович - 1982 жылы дүниеге келген, Саға мектеп – балабақшасының мұғалімі, Ойыл ауданы  Ақжар  ауылының  тұрғыны,  «АМАNAT»  партиясы ұсынылған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                             Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 мая 2024